Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ү. Түктібаев ауылында есепті кездесі өтті

Ү. Түктібаев ауылында есепті кездесі өтті

Алға ауылдық округінің орталығы Ү.Түктібаев ауылында тұрғындармен есепті кездесу ұйымдастырылды. Басқосудың басты мақсаты – елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар жөнінде халыққа ақпарат беру және ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдау.
Кездесуде аудандық мәслихаттың төрағасы, партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш бірінші кезекте аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалардың кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатқанын атап өтті.
Жиынға партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев пен аудандық мәслихат депутаты Жамаладин Өтеев қатысты.
Кездесу барысында Алға ауылдық округінің әкімі Алмас Бегалиев атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарларды таныстырды.
Сонымен бірге "Майдакөл" бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдос Иманов ұйым тарапынан атқарылған жұмыстарды саралап, қоғамдық бастамалар мен ауыл тұрғындарымен бірлескен шаралар жөнінде мәлімет берді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өз ойларын ортаға салып, мәселелерді көтерді. Елді мекеннің дамуына бағытталған жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстарын айтты.
#AMANAT
21 мамыр 2026 ж. 94 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 71

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31