Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысы баяндалды

Сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысы баяндалды

Бүгін сайлаушылармен есепті кездесу жұмыстары Ғ.Мұратбаев ауылында жалғасты. Кездесудің негізгі мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беру және халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдау.
Жиынды аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы Ғазиз Әліш ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде партияның халықпен тұрақты байланыс орнату бағытындағы жұмыстарына тоқталып, қоғамдық қабылдаулар мен көшпелі кездесулер арқылы тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге басымдық беріліп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.
Кездесуге аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев қатысты.
Жиын барысында «AMANAT» партиясынан сайланған Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі Абай Рыстығұл сайлауалды бағдарламасы шеңберінде ауылдық округте атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде хабарлама жасап, әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағытта жүзеге асқан жобаларға тоқталды. Ал «Ғ.Мұратбаев» бастауыш партия ұйымының төрағасы, №91 орта мектеп директоры Қуаныш Көмекбай бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Кездесудің қорытынды бөлімінде ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ел игілігі жолында атқарылып жатқан жұмыстар үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.
#AMANAT
20 мамыр 2026 ж. 13 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031