Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бекарыстан би ауылында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды

Бекарыстан би ауылында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды

Бүгін Бекарыстан би ауылында тұрғындармен кездесу өтіп, онда елді мекеннің тыныс-тіршілігі мен алдағы даму жоспарлары талқыланды.
Басқосуға «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаты Жамаладин Өтеев тиісті сала өкілдері мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобалар, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жұмыстар және партияның сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған шаралар жөнінде кеңінен мәлімет берілді.
Жиында ауыл әкімі Қонысбек Құрманбаев Бекарыстан би ауылында соңғы уақытта қолға алынған жұмыстарға тоқталып, инфрақұрылымды жақсарту, абаттандыру және т.б. бағыттарға қатысты атқарылған істерді баяндады. Сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған жобалар таныстырылды.
Тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныс-пікірлер айтылды. Көтерілген әрбір сауал назарға алынып, тиісті жауаптар берілді. Өз кезегінде Ғазиз Әліш ауыл тұрғындарының ұсыныстары кезең-кезеңімен қаралатынын айтып, жергілікті атқарушы органдарға халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізу қажеттігін жеткізді.
#AMANAT
21 мамыр 2026 ж. 53 0

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 49

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 47

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930