Абай ауылы тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды
«AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері аясында бүгін Сарыкөл ауылдық округіне қарасты Абай ауылында кездесу өтті.Кездесуге «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков қатысты. Олар өз сөздерінде тұрғындармен ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталып, халықпен тұрақты байланыс арқылы елді мекендердегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқанын атап өтті.
Жиын барысында Сарыкөл ауылдық округінің әкімі Рахымжан Бердімұрат округте атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Бұдан бөлек, «Абай» бастауыш партия ұйымы төрағасы, №90 орта мектеп директоры Ғанибек Қабақбай партия ұйымының атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасады.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Әрбір сауалға тиісті жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынатыны жеткізілді.
#AMANAT














