Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақжона ауылдық округі тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды

Ақжона ауылдық округі тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды

«AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері аясында бүгін Ақжона ауылдық округінде кездесу өтті.
Кездесуге «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш пен партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Жамаладин Өтеев қатысып, тұрғындармен ашық диалог орнатудың маңыздылығына тоқталды. Өз сөздерінде халықпен тұрақты байланыс арқылы елді мекендердегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқандарын атап өтті.
Жиын барысында Ақжона ауылдық округінің әкімі Жанарыс Ернияз округте атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әрбір сауалға тиісті жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынатыны жеткізілді.
#AMANAT 21.05.2026
21 мамыр 2026 ж. 79 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 71

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31