Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мейрамкүл Бибітова, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр, сондай-ақ кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорын, ұйым басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Мәжіліс барысында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда заңдылықты сақтау мен әдеп қағидаттарының маңыздылығын атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына қол қойды. Заң Қазақстан Республикасының 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленіп, мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жаңғыртуға бағытталған. Жаңа редакциядағы Заңның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді цифрландыру. Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы негізгі байланыстырушы буын. Сондықтан әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті жоғары жауапкершілікпен атқарып, заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс, – деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Жиында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясындағы негізгі бағыттар түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтің сервистік моделін қалыптастыру, кадрлық үдерістерді цифрландыру және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Баяндамашылар мемлекеттік қызметшілер арасында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызметтік тәртіпті күшейту, сондай-ақ қоғам тарапынан мемлекеттік аппаратқа деген сенімді арттыру мәселелері бойынша кеңінен мағлұмат берді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы Әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, қызметтік қарым-қатынасына және қоғаммен байланысына қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді. Мемлекеттік қызмет өткеру кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста әдептілік пен ашықтық қағидаттарын ұстану мәселелері де жан-жақты қамтылды.
Семинардан соң мемлекеттік қызметшілерден сауалнама алынып, азаматтармен жеке қабылдау өткізілді.
Айта кетейік, аудан әкімдігінен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы мәселелеріне қатысты Сарыкөл ауылдық округінде де кездесу мен жеке қабылдау өткізілді.
25 мамыр 2026 ж. 28 0

ҰБТ – 2026: қам қалай?

26 мамыр 2026 ж. 40

Кәсіпке бастар жол

26 мамыр 2026 ж. 27

1015 түлек түлеп ұшты

26 мамыр 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031