Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп және жөніндегі уәкілі ауданға келді
Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Шәкірбаев Қазалы ауданына келді. Соған сәйкес аудан әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен актив отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен дербес бөлім басшылары және қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты.
Басқосуды ашып, жүргізіп отырған Ринад Ибайдуллаұлы мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез-келген саласының дамуы – бірінші кезекте мемлекеттік қызмет сапасына байланысты екеніне тоқталды.
Оның үстіне мемлекеттік қызмет саласында өзекті мәселелердің қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын қатаң сақтауды қажет етіп отқанын тілге тиек етті.
Мұнан соң Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Сәмитұлы сөз алып, хабарлама жасады.
Отырыс соңында Ринад Ибайдуллаұлы қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған әдептілік нормаларды ұстануға, барынша қарапайым болуға, қызмет барысында қоғаммен байланыс жасауда кішіпейілдік танытып, жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Айта кетейік, жиыннан соң Әдеп жөніндегі уәкіл Мақсат Шәкірбаев тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі