Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызметтік әдеп пен адам құқықтары талқыланды

Қызметтік әдеп пен адам құқықтары талқыланды

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысындағы өкілі Берікбол Байхожаев ауданға жұмыс сапарымен келіп, мемлекеттік орган қызметкерлерімен кездесті. Іссапар аясында көшпелі семинар өткізіліп, қатысушыларға құқықтық және әдептік мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп төрағалық етті. Жиын барысында Берікбол Байхожаев азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оларды қамтамасыз ету жолдары және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында кеңінен ақпарат берді.
Өз кезегінде Бағдат Әбдіқадыр мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, мінез-құлық нормалары мен мемлекеттік органдардағы тәртіп мәселелері бойынша баяндама жасап, тәжірибеден алынған нақты мысалдармен бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар талқыланды. Мұндай семинарлар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіби әдепті сақтауға ықпал ететін маңызды шаралардың бірі ретінде бағаланды.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілерге ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларының негізгі нормалары, сондай-ақ Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жөнінде жан-жақты түсіндірме берілді. Семинарда мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері және қызмет көрсету сапасын арттыруға қатысты мәселелер қозғалды. Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен кәсіби әдепті талап ететін сала екені айтылып, бұл қызметті атқару мемлекеттік қызметшінің адамгершілік қасиеті мен қоғам алдындағы жауапкершілігіне тікелей байланысты екені баса атап өтілді.
Осындай форматтағы келесі кездесу Басықара ауылдық округінде ұйымдастырылып, онда да мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері – әсіресе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау сынды бағыттар бойынша кеңінен ақпарат берілді. Мемлекеттік қызметкерлердің заңға сәйкес жұмыс істеуі және қызметтік әдепті мүлтіксіз ұстануы – қоғам тарапынан көрсетілген сенімді ақтаудың басты шарты ретінде қарастырылды.
Аталған кездесулерден кейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, этикалық нормаларды сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мирамкүл ШАМШАЕВА
22 қараша 2025 ж. 14 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930