Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік орган қызметкерлерімен көшпелі семинарлар өтті

Мемлекеттік орган қызметкерлерімен көшпелі семинарлар өтті

Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, мемлекеттік орган қызметкерлерімен көшпелі семинар өткізді.
Алдымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен кездесу өтті. Жиында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев ел азаматтарыңының құықтары мен бостандығы және қоғамдағы құқықтық негізін айқындайтын маңызды ұғымдар жайында ал, Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр мемлекеттік қызметшінің негізгі әдеп нормалары мен қызметтік тәртібі төңірегінде баяндама жасады.
Жиында мемлекеттік қызметшілерге ҚР мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Әдеп кодексінің нормаларына қатысты ақпарат беріліп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктер жөнінде және мемлекеттік қызмет сапасына байланысты мәселелер түсіндірілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметті атқару мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасына және моральдық бейнесіне жоғары талаптар қоя отырып, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру екендігі айтылды.
Дәл осындай кездесу ауданға қарасты Басықара ауылдық округінде де жалғасып, мемлекеттік қызмет саласында өзекті мәселелердің қатарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын қатаң сақталуы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімдігі мен Басықара ауылында өткен кездесулерден кейін Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Әбдіқадыр жеке қабылдау өткізіп, қабылдауға келген мемлекеттік қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңінен түсіндіріп өтті.
21 қараша 2025 ж. 16 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930