Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері ұсынылды

Сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері ұсынылды

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы, партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш пен партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев Арықбалық ауылдық округіндегі «Арықбалық» бастауыш партия ұйымында болып сайлаушылармен кездесті.
Өз кезегінде аманаттықтар депутаттық қызметтері бойынша жасаған жұмыстарын тізбектеп, мәслихаттың жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы хабардар етті. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасының ауданда орындалу нәтижесіне тоқталды.
Кездесу барысында партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш 2025 жылдың 29 маусымына тағайындалған Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ауыл тұрғындарына алдағы саяси науқанның маңыздылығын айтып, үміткер Нұркен Сералиевке сайлау күні қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды.
Ауыл ақсақалдары үміткерге сәттілік тілеп, баталарын берді. Жиын соңында айтылған ұсыныс-пікірлерге Ғазиз Әлмәмбетұлы мен Нұрғиса Жаппарбергенұлы жауап беріп, көтерілген мәселелердің бақылауда болатынын және кезең-кезеңімен шешімін табатынын атап өтті.

Айта кетейік, кездесуден соң тұрғындардың мәселелеріне сәйкес жеке қабылдау өткізілді.
#AMANAT
18 маусым 2025 ж. 248 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930