Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелерін сайлаушылармен кездесті

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелерін сайлаушылармен кездесті

Аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев пен аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев Кәукей және Тасарық ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Жиынның негізгі мақсаты – атқарылған жұмыстар туралы баяндап, ауыл халқының ұсыныстары мен талап-тілектерін тыңдау болды.

Кездесу барысында халық қалаулылары аудан бойынша жыл басынан бері атқарылған жұмыстар, көтерілген мәселелердің орындалу барысы және алдағы жоспарлар жөнінде қысқаша ақпарат берді. Партияның қоғамдық қабылдау алаңында жүргізілген қабылдаулар нәтижесінде бірқатар тұрғындардың өтініштері оң шешімін тапқаны айтылды. Сонымен қатар аудандық мәслихат сессияларында қабылданған шешімдердің ауылдарды дамытуға және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталғаны жөнінде мәлімет ұсынылды.

Тасарық ауылының тұрғындары Бозкөл–Тасөткел–Тасарық бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізу және ауылға жедел жәрдем көлігін бөлу қажеттігін көтерді. Ал Кәукей ауылында тұрғындар ауылішілік көшелерді асфальттау, электр желілерін жаңғырту секілді маңызды мәселелерді назарға ұсынды.

Кездесу соңында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері алдағы уақытта да тұрғындармен тұрақты байланыс жалғасатынын және көтерілген мәселелердің бақылауда болатынын атап өтті.

#AMANAT
12 желтоқсан 2025 ж. 162 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728