Сайлауалды бағдарлама аясындағы жұмыстар таныстырылды
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық мәслихат депутаттары Күншығар Әбілов пен Ардақ Кәдір Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ұжымымен кездесті.Кездесу барысында партия филиалының төрағасы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысын кеңінен баяндады. Атап айтқанда, елді мекендерді газдандыру, шалғай ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту, автомобиль жолдарын жөндеу және инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жай-күйін жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар да назардан тыс қалмады. Алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен міндеттер таныстырылып, олардың ауданның дамуына қосар үлесі ерекше атап өтілді.
Жиын қорытындысында халық қалаулылары мекеме ұжымының атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, ризашылықтарын білдірді. Ал орман шаруашылығы қызметкерлері өз кезегінде депутаттардың халық игілігі жолындағы бастамаларына қолдау білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
#AMANAT














