Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі ел ағаларын мерейтойларымен құттықтады

Аудан әкімі ел ағаларын мерейтойларымен құттықтады

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ел ағалары, Қазалы ауданының Құрметті азаматтары Дүйсен Малкайдар Дүйсенұлы мен Жалғасбай Жаппарберген Жақсығұлұлын 75 жасқа толу мерейтойларымен құттықтап, елге жасаған адал еңбекті бағалаудың маңызын атап өтті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі» деген болатын. Қазалы ауданында адал қызмет атқарып, саналы ғұмырын ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына арнаған, елдің қошеметіне бөленген азаматтарды ардақтауды дәстүрге айналдырдық.
Бүгінгі ресми жиынымыз өнегелі істердің ұйытқысы болған, жұртшылыққа етене таныс Малкайдар Дүйсенұлы мен Жаппарберген Жақсығұлұлы ағаларымыздың 75 жасқа толған мерейтойына арналады. Сіздердің жылдар бойы туған өлкенің игілігі жолында атқарған еңбектеріңіз, адал қызметтеріңіз шынайы құрметке лайық. Аудан жұртшылығы өңірдің дамуына зор үлес қосқан Өздеріңіздей жерлестерімен мақтанады. Тілеулес, ақадал ниетті азаматтардың атынан бүгінгі мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтап, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!», – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Жиында аудан әкімі мерейтой иелеріне облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов пен Руслан Рүстемовтың және ел ағаларының «Құттықтауы», сонымен қатар, Қазалы ауданының ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының «Құрмет» грамотасын табыстады. Ел ағалары мен бірге олардың жұбайлары Бақытжамал Ілиясқызы мен Кенжегүл Пірмағанбетқызына да арнайы сый-құрмет жасады.

Жиында Қызылорда облысының құрметті азаматы, І-ІІІ дәрежелі Барыс, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Самұрат Имандосов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекбанов, Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Қасқырбай Әлімбай, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Берік Бисембаев, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Нұрман Талқанбаев, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Асылбек Тоғызбаев, ел ағасы Махамбет Оңдасын сыоды азаматтар сөз сөйлеп, мерейтой иелеріне ізгі тілектерін білдірді.
Малкайдар Дүйсенұлы еңбек жолын Кәукей ауылында веттехник болып бастаған. Әр жылдары Октябрь совхозында (Қазіргі Бекарыстан би ауылы) бас мал дәрігері, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ферма меңгерушісі болған. 1985-1989 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы атындағы (Қазіргі Жанқожа батыр ауылы) совхозда партком секретары, 1989-1995 жылдары Үрмаш Түктібаев атындағы совхоз директоры, 1995-2000 жылдары Қазалы ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 2000-2005 жылдары Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының №6 Астық базасының директоры,
2005-2010 жылдары Қазалы аудандық пошта байланыс торабының бастығы, 2010-2012 жылдары Әйтеке би кентінің әкімі, 2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау, қадағалау комитетінің Қазалы аудандық инспекциясының басшысы, 2014-2019 жылдары аудандық ветеринариялық станциясының директоры,
2019-2020 жылдары аудандық ветеринариялық станциясының паразитолог дәрігері қызметтерін атқарған.
Жаппарберген Жақсығұлұлы еңбек жолын 1973 жылы Қазалы аудандық информациялау есептеу станциясында аға инженер болып бастаған. Әр жылдары Қазалы аудандық информациялау есептеу станциясында бас инженер, станция бастығы, Қазалы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, жауапты ұйымдастырушысы қызметтерін абыроймен атқарған. 1991-1993 жылдары аудандық экономика және жоспарлау бөлімінің бас маманы, 1993-1996 жылдары Қызылорда аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қазалы ауданындағы бас маманы, 1996-1998 жылдары аудан әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастары секторының, экономика бөлімінің меңгерушісі, 1998-2004 жылдары аудан әкімінің орынбасары, 2004-2007 жылдары аудандық экономика бөлімінің меңгерушісі болған. 2007-2010 жылдары аудандық қаржы бөлімінің басшысы, 2010-2016 жылдары аудандық жұмыспен қамту, әлеуметік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, 2016-2017 жылдары аудан әкімінің кеңесшісі, мемлекеттік қызметтен бөлек, қоғамдық-саяси жұмыстарға да белсенді араласып, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарды.
16 мамыр 2026 ж. 72 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031