Жаңа мектептегі жарқын жетістіктер
Қазақстан егеменді ел болған бірнеше жылдың ішінде тамыры терең тарихы қайта сарапталып жазылуда. Тарихтағы қазақ халқының рухани, саяси азаттығы, елдігі, ұрпағының баянды болашағы үшін күрескен тарихи тұлғалардың қызметін, өмірін зерттеуде, сол арқылы бүгінгі ұрпақтың ұлттық сезімін оятып, тарихына құрметін қалыптастыруда атқарылған жұмыстар нәтижесіз емес. Десек те, халқымыздың елдігі жолында кейбір ерен ерлердің емірене еткен еңбектерін кешегі кеңестік кезеңнің салқынынан әлі де толыққанды ашып көрсете алмай жатқан жайымыз бар. Әрі белгілі тарихшы Талас Омарбеков: «...Тарихи деректердің жеткіліксіздігінен аймақтық қайраткерлер деңгейінде қалып қойған тарихи тұлғаларда аз емес», – дегені бар еді. Сондай күйді кешкен тұлғалардың бірі – Кедей би Жәнібекұлы. Мақсат – тарихи деректердің негізінде осы тұлға туралы мәлімет беріп, ұрпақ есіне салмақ. Осындай зерттеулер тарихымызды толықтыра түседі деп ойлаймын.
Өткен жылы ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев пен облыс әкімі Қ.Көшербаев арнайы келіп, лентасын қиған білім ордасында былтыр 129 оқушы білім алған. Оның 26-сы оқу үздігі атанды. 9 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы нәтиже көрсетіп, барлығы грант негізінде жоғары оқу орындарына түсті. Ал осы жылғы оқушылардың саны 125-ті құрап, оның 15-і мектептің бірінші сыныбына қадам басқан еді.
Болашақтың кілтін ұстар жас өрендердің жан-жақты білім алуы үшін мектепте барлық жағдай жасалған. Оларға түрлі тағам даярлайтын асхана, ғаламтор желісіне қосылған мультимедиа, информатика, лингафон кабинеттері, қыз балаларға тігін шеберлігіне баулу үшін станоктар, ұл балалар үшін техникалармен жабдықталған кабинет, кең таңдаулы кітапхана, спортзал жанындағы жуыну-киінуге арналған бөлмелер: мұның барлығы балалардың оқу білімге деген қызығушылығын арттырып тұрғандай.
Айта кетерлігі, ұстаздар үшін мұнда шығармашылықпен айналысуға зор мүмкіндік бар. Мектеп директоры Ерік Өмірзақов мұғалімдердің қағазбастылық мәселесі жеңілдетіліп, артылған уақытты балалармен жұмыс істеуге жұмсап жатқандықтарын айтады. Білім беру жүйесін цифрландыруға байланысты мектеп “kundelik.kz” электронды журнал жүйесіне қосылғандығын да айтпай кетуге болмас. Бұл жайындағы жұмыстарды реттеу үшін сымсыз интернетпен қамтылған 7 дана планшет алынған. Осы жерде жұмыс істейтін барлық 37 педагог балаларға баға қою үшін гаджетті мектеп ішінде өзімен бірге алып жүре алады.
Мектеп бітіруші түлектердің жыл сайынғы нәтижелерін көргеннен соң аталған оқу ордасының үздіктер қатарында екенін ұқтық. Себебі, қажырлы еңбек пен жауапкершілікті қатар сезінген ұжым 2016-2017 оқу жылдарында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуден 97,8 пайыздық көрсеткішке жеткен. Ал өткен жылғы тестке қатысқан бітірушілердің орта балы 88-ді құраған.
Осындай үлгілі мектепте білім алатын оқушылар да жетістіктер мен абыройдан кенде емес. Мәселен, 7 сынып оқушысы Саят Меңдіқара жетекшісі Дана Ермағамбеттің дайындауымен түрлі ән фестивальдерінде оқ бойы озық жүр. Оған талант иесінің “ХІХ Бозторғай” балалар сайысында жеңіп алған бірінші орыны дәлел. Сондай-ақ, Түркістан қаласында өткен “Алаш үміті” фестивалінде “Дарабоз” номинациясын иеленген. Бұған “Ақтоба”, “КИО” сияқты интелектуалды сайыстарында алған жүлделерін қосып қойыңыз. Жетекшісінің айтуынша, бала талантын ашуда Саяттың ата-анасы жақсы жұмыс істеген. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жарияланған жарыстарға жолын бөгемей, дайындап жібереді екен.
Бұдан бөлек, республикалық Яссауи пәндік олимпиадасында екінші орынды жеңіп алған Айзина Қали есімді шәкірт Халықаралық Қазақ-түрік университетінің грантын мектепте жүріп-ақ иеленген. Ал Сәния Емберген, Ақерке Тәжібай, Аида Сүлейменқызы, Ақтолқын Матығұл сияқты оқу озаттары облыстық, республикалық ғылыми жобалардың жүлделерін олжалап, пән олимпиадаларында үздік үштіктің қатарынан табылып жүр.
Осынау білім ордасына басшылық етіп отырған Е.Өмірзақ білім беру ісінде озат нәтижеге жету үшін нақты нұсқауларға мән беру керектігін айтады.
“Елбасы Н.Назарбаев “Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек” дей келе өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар аударуды талап етіп отыр. Бүгінгі күн – оқытудың мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастың жаңа өзгеріске бетбұрып отырған кезең. Сондықтан біз жаңашыл методикаға тәжірибе жасаудан тартынып қалмаймыз”, – дейді мектептің бірінші ұстазы.
Біз де басшының алған бағытына көңіліміз толып, ағымдағы оқу жылында да биік белестерді бағындыруда сәттілік тіледік.
Р.ӘБДІҚАЛЫҚ