Партия кандидаты ауылдық округ әкімі болып сайланды
Өткен аптаның жексенбісінде, яғни 3 мамыр күні Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізіліп, қорытындыланды. Сайлау күні сайлаушылардың дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат Аман Бауыржан Толықболұлы басым дауысқа ие болып, Бірлік ауылдық округінің әкімі болып сайланды.Бауыржан Толықболұлы – 1980 жылы Қазалы адуанында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «ветеринариялық санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазалы аумақтық ветеринариялық басқармасының ветеринариялық инспекторы болып бастаған. Әр жылдары Қазалы аудандық аумақтық ветеринариялық инспекциясының жетекші маманы, бас маманы болып қызмет атқарған. 2015 жылдан бастап, «Қазалы аудандық ветеринариялық станция» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Бірлік ауылдық округі бойынша ветеринариялық пункт меңгерушісі қызметін атқарып келді.
Партияласымыздың жаңа қызметіне сәттілік, табыс тілейміз!
#AMANAT














