Депутаттар халықпен кездесулерді жалғастыруда
Бүгін аудандық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы мүшелерінің сайлаушылармен кездесуі №170 орта мектебінде жалғасты. Кездесуде аудандық мәслихаттың төрағасы, партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш негізгі мақсат – ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беру және сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау екенін атап өтті.Мұнан соң партия филиалының төрағасы аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық жобаларға кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу жұмыстары, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жаңғырту шаралары, сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер де назардан тыс қалмады. Олар өз ойларын ашық білдіріп, сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, кентішілік жолдардың сапасы, аяқ су мәселесі, түнгі жарықтандыру және басқа да тақырыптар бойынша ұсыныстар айтылды.
Жиын қорытындысында Ғазиз Әлмәмбетұлы алдағы уақытта да тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін айтты. Сонымен қатар, әрбір көтерілген мәселе бақылауға алынып, тиісті мекемелермен бірлесе орындалуы қадағаланатынын жеткізді.














