Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сайлаушылармен кездесуде ұсыныс-пікірлер тыңдалды

Сайлаушылармен кездесуде ұсыныс-пікірлер тыңдалды



Бүгін партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш «Қ.Сәтбаев» бастауыш партия ұйымының алаңында сайлаушылармен кездесу өткізді.

Ең алдымен Ғазиз Әлмәмбетұлы жыл ішінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында атқарылған және атқарылып жатқан, сондай-ақ алда жасалатын шараларға тоқталып өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасының ауданымызда орындалуы бойынша кеңінен ақпарат берді.

Кездесуге тұрғындар белсенді қатысып, өзекті мәселелер мен ұсыныстары айтты. Атап айтқанда, №226 мектеп-гимназиясының директоры Ерік Өмірзақов оқушылар тасымалына арнайы автобус қажет екенін айтса, ал өзге де тұрғындар Үмбет би көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу, Т.Әубәкіров көшесін жарықтандыру сияқты мәселелерді көтерді.

Өз кезегінде Ғазиз Әлмәмбетұлы ұсыныс-пікірлерді тыңдай отырып, әр сұраққа жеке-жеке жауап берді. Бақылауына алып, оң шешілуіне жұмыс жасайтындығын атап өтті.

#AMANAT
11 желтоқсан 2024 ж. 312 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 107

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031