Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала драйверлері һәм сапаға көшкен санддар

Дала драйверлері һәм сапаға көшкен санддар

Қазақстанның экономикалық моделі қазіргі уақытта маңызды трансформация кезеңін бастан өткеруде. Шикізатқа тәуелділіктен арылу және өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиялық басымдыққа айналды. Қазақстан экономикасы бүгінде күрделі геосаяси жағдайлар мен жаһандық нарықтағы құбылмалылыққа қарамастан, тұрақты өсу траекториясын сақтауға тырысып келеді.
Экономика – қоғамның тиімді дамуына, ел мен жердің өркендеуіне жол ашатын, бағыт-бағдар беретін тенденция. Қызылорда облысы бойынша бірнеше жүйелі жұмыс атқарылып, көрікті аймаққа айналуда. Оның ішінде Қазалы ауданында жоба мен жоспар алға басып, экономикасы өрлеп, өңіріміз өркендеуде.
Аймақтық экономика – «ұлттық экономика» макрожүйесінің ішкі жүйесі. Ал ұлттық экономика – әлемдік экономиканың ішкі жүйесі. Аймақтық даму – бұл өзара ­байланысты тұрақтылық, пропорционалдылық және әлеуметтік бағдар секілді үш сипаттама мен қасиеттерге негізделген даму. Жекелеген аймақты тиімді түрде дамыту – нарықтық экономикада құндылық жасау арқылы жекелеген факторлар мен әлеуеттерді қолдану. Дегенмен барлық аймаққа ортақ даму стратегиясы болуы мүмкін емес. Өйткені әр аймақтың өзіндік даму шарттары, экономикалық және әлеуметтік әлеуеті ерекше болып келеді. Сондықтан аймақтық экономиканы дамытуда осы факторларды ескерген жөн. Қазақстанның аймақтық саясатының басты міндеті – аймақтың нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның өндірістік және ресурстық потенциалын толығымен қолдану арқылы аймақ халқын жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін арттыру. Статистикалық деректерге сүйенсек, бұрынғыдай емес, қазіргі таңдағы Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқындап келеді. Өңірдегі өрісті жұмыстарды саралап көрейік. Сандар сөйлесін.
РЕСУРСТАРДАН – РЕФОРМАЛАРҒА
Ұлттық статистика бюросы мен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 5,1 пайызға өскен. 2024-2025 жылдарға арналған болжамдар өсім қарқынын 4,5-5 пайыз деңгейінде сақтап қалуды көздейді. Елдің номиналды ЖІӨ-сі шамамен 260 миллиард доллардан асты. Бұл Орталық Азия аймағындағы ең ірі көрсеткіш. 2023 жылғы екі таңбалы көрсеткіштерден кейін инфляция біртіндеп төмендеп, 2024 жылдың басында 9,1-9,5 пайыз деңгейіне тұрақталды. Ұлттық банктің мақсаты – оны 5 пайыз деңгейіне дейін түсіру. Қазақстан экономикасының "омыртқасы" әлі де тау-кен өндірісі болып қала бермек. Алайда құрылымдық өзгерістер байқалды. Мәселен, жылдық өндіріс көлемі шамамен 90 миллион тонна төңірегінде. Қашаған және Теңіз кен орындарын кеңейту жобалары алдағы жылдары экспорттық әлеуетті арттырады деп күтілуде. Ал өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі біртіндеп артып келеді. Машина жасау, металлургия және тамақ өнеркәсібіне салынған инвестициялар соңғы жылы 6 пайыздан астам өсім көрсетті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 140 миллиард долларға жуықтады. Негізгі серіктестер Қытай, Ресей, Еуропа Одағы (әсіресе Италия) және Оңтүстік Корея. Қытай қазіргі таңда Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне айналды. Жыл сайын елге 25-28 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылады. Инвесторлардың қызығушылығы тек мұнайға емес, сонымен қатар "жасыл" энергетика мен логистикаға ауысуда.
Геосаяси жағдайға байланысты Қазақстан арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) маңызы артты. Жүк тасымалының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 65 пайызға өскен. Қазақстан өзін Еуразияның басты логистикалық хабы ретінде көрсетуді мақсат етіп отыр.
Экономиканың алдында бірнеше маңызды міндет тұр. Инфрақұрылымды жаңарту қажет. Өйткені энергетикалық жүйе мен коммуналдық желілердің тозуы бар. Кей аймақтарда 60-80 пайызды құрайды. Мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту және бәсекелестікті арттыру маңызды қадамдардың бірі. Сонымен бірге Fintech және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша Қазақстан әлемдік рейтингтерде (UN E-Government Index) жоғары орындарды иеленіп келеді. 2025 жыл Қазақстан экономикасы үшін серпінді жыл болды. Ресми мәліметтерге сәйкес, ЖІӨ өсімі 6,5 пайызға жетіп, соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірін көрсетті. Негізгі драйверлер құрылыс (+15,9%), көлік және қоймалау (+20,4%), сондай-ақ сауда (+8,9%). Өңдеу өнеркәсібі 6,4 пайызға өсті. Әсіресе машина жасау (+12,9%) және химия өнеркәсібі (+9,8%) жоғары қарқын көрсетті. 2026 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша жылдық инфляция 11,0 пайызды құрады. Азық-түліктегі бағалар жылдық есепте 11,7 пайызға өсті. Азық-түлік емес тауарлардың өсім 11,3 пайыз. Ақылы қызметтер 10 пайыз. 2025 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі айтарлықтай артып, 99,6 миллион тоннаға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық. Теңіз кен орнындағы "Болашақ кеңею жобасының" іске қосылуы өндірісті жылына 12 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік берді. Өндірілген мұнайдың шамамен 70 пайызы ірі жобаларға тиесілі және экспортқа бағытталады. Былтыр Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 143,9 миллиард долларды құрады (+1,3%). Экспорт 79 миллиард долларды құрады. Негізгі тауарлар – шикі мұнай (50,5%), радиоактивті элементтер (5,3%) және мыс (5,2%). Импорт 64,8 миллиард доллар. Негізгі тауарлар – жеңіл автокөліктер, дәрі-дәрмектер және телефондар. 2025 жылы рекордтық көрсеткіш – 20,1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,1 пайызға артық.
Премьер-министр Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі өсімді айрықша атап өтті.
АЙМАҚТАҒЫ ӨСІМ
Облыста макрокөрсеткіштердің өсім динамикасының тұрақты сақталуы үшін жұмысты жүйелі ұйымдастыру қолға алынған.Бүгінде көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл өңірге 789,2 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған.Өткен үш айда көрсеткіш 142,1 миллиард теңге болды. Оның 106,1 миллиард теңгесіжеке инвестициялар. Жыл соңына дейін 100 миллиард теңгеге 21 жоба іске қосылады.2026-2029 жылдары 2 триллион теңгеге жуық қаржыға 48 жоба жүзеге асырылып, 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.Агроөнеркәсіп саласында 185,8 мың гектарға егін егу жоспарланған, оның 70 мың гектары – күріш.
Су үнемдеу технологияларына алдағы үш жылда 34 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.Сонымен қатар, 40 миллиард теңгеге крахмал-сірне зауыты, 68 миллиард теңгеге техникалық дақылдар өсіру және 134,5 миллиард теңгеге жылыжай кешені жобалары жүзеге асырылуда.Өңір 100% ауыз сумен қамтылған. Жыл соңына дейін газдандыру 85%-ға, жақсы жолдар үлесі 95,2%-ға жеткізілмек.Биыл тұрғын үй құрылысына бюджеттен 55,6 миллиард теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 950 мың шаршы метр тұрғын үй табысталады.
АУДАНДАҒЫ ӨРЛЕУ
2023-2027 жылдарға арналған өңірлік дамудың Жол картасы аясында ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бес негізгі бағытты қамтитын бұл стратегиялық құжат аясында жалпы 72 іс-шара белгіленсе, соның ішінде тікелей ауданға қатысты 44 іс-шара жоспарланған.2026 жылдың алғашқы 3 айының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері аудан дамуының серпінді екенін көрсетеді. Бүгінгі таңда5 іс-шара (11,4%) толықтай орындалды. 34 іс-шара орындалу үстінде, 5 іс-шара бойынша орындалмау қаупі бар екені анықталып, тиісті бақылауға алынған. Аудан экономикасының өзегі болып табылатын өңдеу өнеркәсібінде биылғы жылға меже жоғары қойылған. Жылдық жоспар бойынша бұл саланың көрсеткіші 21,7 миллиард теңге деп бекітілген.Алғашқы 3 айдың ішінде 8 миллиард 267 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Бұл бекітілген меженің 121 пайызын құрайды.Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 1 миллиард 123 миллион теңгеге артық орындалып отыр.
Gov.kz ресми сайтында 2026-2030 жылдарға арналған Қазалы ауданының даму жоспары жарияланған. Онда бірнеше маңызды мәліметтер мен статистикалық сандар жазылған.Қазалы ауданының аумағы 37,0 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 16,6%-ын алып жатыр.Аудан орталығы – 46,2 мың халқы бар Әйтеке би кенті болып табылады (аудан халқының 58,3 пайызын құрайды).Ауданда 19 ауылдық округ, Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және 41 ауылдық елді мекен бар.Халық саны 2025 жылдың 1 қарашасына 78,8 мың адамды құрады, халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы шақырымға 5 адамнан келеді.2025 жылдың 1 қаңтарына қала халқының саны 7,4 мың адам құраса, ауыл халқы 71,7 мың адамды құрайды.
Аудан экономикасы ауылшаруашылығына және шағын кәсіпкерлікке негізделген.Өңір экономикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуі ауданның бәсекелестік артықшылықтарын іске асыруға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. 2024-2025 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемінің орташа жылдық өсуі 102,5% деңгейінде болжанады.
Қазалы ауданында агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мынадай түйінді факторлар есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін: ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңғырту (өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу, ескірген техниканы энергия тиімді және өнімді техникаға ауыстыру), суару жүйесін дамыту және суды ұтымды пайдалану (тұрақты сумен жабдықтау есебінен өнімділікті арттыру), фермерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау (гранттар, субсидиялар, қолжетімді несиелер, аграрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру), ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру (шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшу (сүт, ет, астық өңдеу және т.б.), инвестициялар тарту (инвесторларды тарту).
Ауданда 2025 жылы тұрғын үй құрылысын 100% өсіммен дамыту жалғасады.Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейін арттыру ауылдық елді мекендерде ҚТҚ бөлек жинауға арналған контейнерлер орнату және сұрыптау кешенін салу есебінен жоспарлануда.Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға қолжетімділіктің өсуі кәсіпкерлер санын және тиісінше ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 20 782 миллиог теңгеден 52 000,0 миллион теңгеге дейін ұлғайту болжамдалуда.
Өнеркәсіп өндірісінің барлығы дерлік аудан орталығы Әйтеке би кентінде шоғырланған (90,7 пайызы), ауылдық елді мекендер үлесі болмашы ғана.Жалпы ауданда экономиканы тұрақты дамыту тенденциясы сақталуда. Өндірілген өнім көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2025 жылдың 1 қаңтарына 34%-ға өскен. Өнеркәсіп саласының басым бөлігін өңдеу өнеркәсібі құрайды. Оның жалпы өнеркәсіптегі үлесі 2022 жылы 123,6%, 2023 жылы 100,2 %, 2024 жылы 100,2%, 2025 жылдың 11 айында 114,1% болды.Өңдеу өнеркәсібінде жылдан жылға өсім байқалып отыр. Өнім көлемі 2022 жылы 17 939 миллион теңге, 2023 жылы 19 499 миллион теңге, 2024 жылы 24 290,1 миллион теңгені құраған. 2024 жылы 2022 жылмен салыстырғанда бұл саладағы өнім көлемі 6351 миллион теңгеге немесе 35%-ға өскен. 2022 жылы нақты көлемінің индексі 125,9%, 2023 жылы 101,4%, 2024 жылы 100,1%-ды құрады. 2025 жылдың 11 айындағы өнім 26300,0 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 114,4%-ға жеткен.
Аудан өнеркәсібінің негізін 2 сала – тамақ өнеркәсібі (сүт, ет, балық өңдеу) және машина жасау (локомотивтерді және жүк вагондерін жөндеу) құрайды.2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі20246,5 миллион теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 132,1 %-ға артты.2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 26527,7 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 126,5%-ға артты.2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның бағалау көлемі 27333,2 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,6 %-ға артты.2025 жылдың 11 айында негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 27519,0 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 109,2 %-ға артқан.
Иә, «Дала драйверлері» – білімді жастар, отандық кәсіпкерлер және жаңа технологиялар. Бұл – мәселелерді шешудің басты құралына айналмақ. Қазақстан үшін қазіргі кезең – жай ғана өсу емес, сапалы даму кезеңі.
Айнұр ӘЛИ
05 мамыр 2026 ж. 59 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031