Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан экономикасы ілгері

Аудан экономикасы ілгері

Экономика – қоғамның тиімді дамуына, ел мен жердің өркендеуіне жол ашатын, бағыт-бағдар беретін тенденция. Қызылорда облысы бойынша бірнеше жүйелі жұмыс атқарылып, көрікті аймаққа айналып келеді. Оның ішінде Қазалы ауданында жоба мен жоспар алға басып, экономикасы өрлеп, өңіріміз өркендеп келе жатқаны барлығымыздың көз алдымызда.
Жалпы Қазақстан экономикасы турасында сөз қозғасақ, оны бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Өйткені бір ғана «экономика» сөзінің ішінде жалпы ел бойынша атқарылып жатқан қаншама жұмыстар легі бар.
Аймақ немесе аймақтық экономика – «ұлттық экономика» макрожүйесінің ішкі жүйесі. Ал ұлттық экономика – әлемдік экономиканың ішкі жүйесі. Аймақтық даму – бұл өзара ­байланысты тұрақтылық, пропорционалдылық және әлеуметтік бағдар секілді үш сипаттама мен қасиеттерге негізделген даму. Жекелеген аймақты тиімді түрде дамыту – нарықтық экономикада құндылық жасау арқылы жекелеген факторлар мен әлеуеттерді қолдану. Дегенмен барлық аймаққа ортақ даму стратегиясы болуы мүмкін емес. Өйткені әр аймақтың өзіндік даму шарттары, экономикалық және әлеуметтік әлеуеті ерекше болып келеді. Сондықтан аймақтық экономиканы дамытуда осы факторларды ескерген жөн. Қазақстанның аймақтық саясатының басты міндеті – аймақтың нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның өндірістік және ресурстық потенциалын толығымен қолдану арқылы аймақ халқын жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін арттыру. Статистикалық деректерге сүйенсек, бұрынғыдай емес, қазіргі таңдағы Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқындап келеді. Бұл – жекелеген аймақтардың дамуын, халықтың өмір сүру сапасының жоғарылауын, жұмыспен қамтудың артуын, кәсіпкерлік көкжиегінің кеңеюін, ел экономикасының өсуін білдіреді. Қош. Жалпы экономика жайында тілге тиек етіп болсақ, өңірдегі өрісті жұмыстарды саралап көрейік.
Қазалы ауданында атқарылып жатқан жағымды жаңалықтар көпшілікті қуантуда. Елді мекендерге көгілдір отын тарту жұмыстары да жоспарлы түрде жүзеге асуда. Ауылдарға газ құбыры тартылып, бірнеше отбасы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Тұрғын үй құрылысы да бәсеңдемеген. Былтыр ауданымыздағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 52 отбасыға баспана тапсырылған болатын. Биыл да үлгілі үрдіс жалғасып, жалға берілетін тұрғын жай сатып алуға қаржы бөлініп, барлығы 2 пәтерлі 72 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бүгінгі таңда бастапқы 123 тұрғын жай сатып алуға 1 777,2 миллион теңге бөлінді. Дәл қазіргі уақытта тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар іске асырылуда. Атап айтсақ, білім беру, денсаулық сақтау салалары назардан тыс қалмай, көлік жолдары қалыпқа келтірілуде. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асуын қамтамасыз ету, ішкі нарықта әлеуметтік маңызды тауарлардың қымбаттауына жол бермеу сынды мәселелер күн тәртібінен түспейді. Тұрғындардың тұрмысын жақсартып, экономикалық әлеуетті арттыруда іске асырылатын жоспарлардың жүйелі орындалуы әрдайым аудан басшысының тұрақты бақылауында. Иә, ел дамуында жетістікке жетудің бірден-бір жолы – экономика. Экономика алға ілгерілеген сайын, тұрғындардың да тұрмыс жағдайы түзеледі. Аудан бойынша есепке алынған әлеуметтік жағынан аз қамтылған топ өкілдеріне барынша көмек қолдау көрсетілуде.
Қолымызға тиген 9 айлық атқарылған жұмыстар нәтижесінде, биыл Қазалы ауданының бюджеті 11 миллиард теңгеге бекітілген. Есепті кезеңде нақтыланған бюджет көлемі 17,6 миллиард теңгеге жетіп 62,5 пайызға өскен. Оның ішінде 3,1 миллиард теңге өз кірісіміз болса, қалған 14,5 миллиард теңге субвенция, трансферттер және кредиттер арқылы түскен кіріс. Жыл басынан өз кірістеріміз 641,7 миллион теңгеге ұлғайтылып, ауданды көркейту, дамыту бағытындағы жұмыстарға бағытталуда.

Айнұр ӘЛИ
19 қараша 2024 ж. 31 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930