Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскерге бару – азаматтық борыш

Әскерге бару – азаматтық борыш

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде студент жастармен еркін форматта кездесу өтті. Кездесудің негізі мақсаты - жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудандық қорғаныс істері бөлімінің мамандары және колледждің студент жастары қатысты. Еркін форматта өткен кездесуде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету патриот жастардың қолында екендігін айтып, жастарды Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге шақырды. Сондай-ақ әскери борышын өтеген азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, мүмкіндіктер жайында түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда әскери борышын өтеп келген азаматтарға грант негізінде оқуға түсуге, әскери қызметті жалғастырған жағдайда жастарды баспанамен қамтылу мүмкіндіктерініңде бар екендігі және басқа да көрсетілетін қолдаулар жайында айтылды.
Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
28 сәуір 2026 ж. 146 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930