«QAISAR» партиялық жобасы аясында жастармен кездесу өтті
Бүгін Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Qaisar» партиялық жобасы аясында «Отанды қорғау – отты жастар мақсаты» тақырыбында әскерге шақыруды насихаттау, жастардың әскерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында колледж жастарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге аудандық қорғаныс бөлімі бастығының орынбасары Серік Саянов, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, «Жастар рухы» жастар қанатының аудандық бөлімше басшысы Нұрбек Ақпанбетов, Қазалы қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Масақов қатысты.
Жалпы «Qaisar» партиялық жобасының басты мақсаты – жастардың бойында патриоттық сананы және әскери қызметке деген қызығушылықты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру.
Шараға қатысқан аудандық қорғаныс бөлімі бастығының орынбасары Серік Саянов Отан алдындағы парызын өтеу әрбір ер жігіттің азаматтық борышы, тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көк туымызды әрдайым биікке көтеру бойында Отансүйгіштік қасиет пен патриоттық сезімі бар жастардың қолында екендігін айта келе, әскерге шақырудың талаптары мен тәртібін жастарға кеңінен түсіндіріп берді.
Бұдан соң аудандық филиал Атқарушы хатшысы Жалғасбаев Нұрғиса сөз алып, әрбір азамат Отан алдындағы борышын басты парызым деп сезініп, Тәуелсіз еліміздің тұғырлы болуына атсалысудың маңыздылығына тоқталып, бүгінгі кездесудің жастардың бойында сондай қасиеттерді қалыптастыруға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. Кездесу соңында болашақ сарбаздардың ұсыныс-пікірлеріне жауап берілді.
#AMANAT