Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «QAISAR»: Отанды қорғау – отты жастар мақсаты

«QAISAR»: Отанды қорғау – отты жастар мақсаты

«Жастар Рухы» жастар қанаты аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазалы аграрлы техникалық колледжінде «Отанды қорғау - отты жастар мақсаты» тақырыбында «Qaisar» партиялық жобасы аясында жастармен әскери – патриоттық кездесу жиыны өтті.

Шараның негізгі мақсаты - жастардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, жас буынды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру.

Жиынға «Жастар Рухы» жастар қанаты аудандық филиалының жетекшісі, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Серік Саянов және партия мүшесі, ауған соғысының ардагері Күмісбай Серікбаев қатысты.

—«Qaisar» партиялық жобасының негізгі мақсаты жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Отан алдындағы борышын өтеп, әскер қатарына қосылу – нағыз азаматтықтың белгісі. Сондықтан ауданымызда жастарды әскер қатарына тарту жұмыстары бойынша жаңа жобалар, іс-шараларды ұйымдастыруды қолға алудамыз, — деді Нұрбек Ақпанбетов.



Мұнан соң жиын патриотизмге тәрбиелеу және әскери борышын өтеуде жалтаруды жою бағытында жиынға арнайы қатысушылардың түсіндірме жұмыстарымен және жастармен пікір алмасумен жалғасты.

#AMANAT
#ЖастарРухы
17 қаңтар 2024 ж. 219 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 103

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 153

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031