Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ипотека бойынша екі шекті мөлшерлеме енгізіледі

Қазақстанда ипотека бойынша екі шекті мөлшерлеме енгізіледі

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне қатысты екі шекті мөлшерлеме енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлім етті. 
Фото: Freepik
Оның айтуынша, Ұлттық банк Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп ипотека бойынша 20 пайыз және 25 пайыз көлеміндегі екі шекті мөлшерлемені бекіткен. Жаңа талаптар биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді. 
– Бұл қарапайым формула, егер ипотека бойынша бастапқы жарна 30 пайыздан жоғары болса, онда шекті мөлшерлеме 20 пайыздан аспауы тиіс. Ал егер бастапқы жарна 30 пайыздан төмен болса, ипотекалық мөлшерлеме 25 пайыздан аспайды. Бұл банктермен келісілді, алайда әлі де техникалық жұмыстар бар, - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингіде.
Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қазақстандықтардың табысы төмен болса, ипотекаға шектеу қойылу мәселесіне қатысты жауап берген еді. 

24 сәуір 2026 ж. 178 0

6 қарашаға валюта бағамы

06 қараша 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30