Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді

Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 1 шілдеден бастап ипотекалық несиелер бойынша жаңа мөлшерлемелер енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді. 
Фото:
Freepik
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп, кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейлерін белгілейтін қаулыға өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр.
– Ипотекалық қарыздар бойынша біз жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін бастапқы жарна көлемімен байланыстыруды жоспарлап отырмыз, яғни, бастапқы жарна 30% және одан жоғары болған жағдайда, ЖТСМ деңгейін 20% мөлшерінде белгілеу қарастырылуда. Ал бастапқы жарна 30%-дан төмен болған жағдайда, несиелер бойынша мөлшерлеме жоғары болады, - деді Мәдина Әбілқасымова.
Сонымен қатар оның сөзінше, қаржы нарығының қатысушылары бұл норманың ипотекалық несиелердің қолжетімділігіне кері әсер етуі мүмкін екенін айтып отыр.
– Қазіргі таңда нарық қатысушылары бұл талапты кейінге қалдыру мәселесін көтеруде, яғни, еліміздегі жағдай қолайлырақ болғанға дейін, атап айтқанда базалық мөлшерлеме төмендегенге дейін осы норманы енгізуді шегеру ұсынылуда, - деді агенттік төрағасы.
Бұған дейін Мәдина Әбілқасымова кредиттік рейтинг агенттігін құру бастамасына қатысты пікір білдірген еді.

15 сәуір 2026 ж. 170 0

6 қарашаға валюта бағамы

06 қараша 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30