Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ипотека ережелері өзгереді

Қазақстанда ипотека ережелері өзгереді

Фото: pixabay.com

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова 2026 жылғы 15 сәуірде Мәжілістегі брифингте екінші нарықтағы тұрғын үйге арналған ипотекалық несиелеу бойынша жаңа мөлшерлемелер енгізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзгерістер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

"Ұлттық банкпен бірлесіп, біз қазір кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін айқындайтын қаулыға өзгерістерді қарастырып жатырмыз. Ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін бастапқы жарна көлемімен байланыстыру жоспарлануда. Яғни, егер бастапқы жарна 30 пайыз және одан жоғары болса, жылдық тиімді мөлшерлеме 20 пайыз деңгейінде белгіленуі мүмкін. Ал бастапқы жарна 30 пайыздан төмен болған жағдайда, мөлшерлеме бұдан жоғары болады", – деді Мадина Әбілқасымова.
Сонымен қатар оның айтуынша, қазіргі таңда нарық қатысушылары бұл шара ипотекалық несиелердің қолжетімділігіне кері әсер етуі мүмкін екенін айтып, мәселені көтеріп отыр.

"Сондықтан қаржы нарығының қатысушылары бұл норманы еліміздегі жағдай жақсарғанға, яғни базалық мөлшерлеме төмендегенге дейін кейінге қалдыруды ұсынып отыр", – деді агенттік басшысы.
16 сәуір 2026 ж. 154 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930