Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Amanat» фракциясы жол картасының орындалуын талқылады

«Amanat» фракциясы жол картасының орындалуын талқылады

Қазалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Отырысқа арнайы партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш, фракция және Жол картаны ауданда іске асыру бойынша жұмысшы топ мүшелері қатысты.

Жиында партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының ауданда орындалу барысы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бақытжан Жарылқап баяндама жасады. Өз сөзінде бөлім басшысы 2026 жылдың алғашқы 3 айының қорытындысы бойынша бірқатар көрсеткіштердің орындалғанын, негізгі бөлігінің жүзеге асу үстінде екенін және кейбір іс-шаралар бойынша орындалмау тәуекелдері бар екенін атап өтті.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов «Жер аманаты» және «Ауыл аманаты» жобалары аясындағы жұмыстарды баяндады. Атап айтқанда, «Жер аманаты» жобасы бойынша 850 га жерді қайтару жоспары артығымен орындалып, 900 га жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған 74 жобаға қаржы қарастырылып, алдағы уақытта 88 жобаны қаржыландыру және 120-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев өз баяндамасында депутаттық сауалдардың сапасы мен орындалу деңгейіне, тұрғындардан түскен өтініш-тілектердің орындалуына және оларды жүйелеу тетіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, сәуір-мамыр айларында мәслихат депутаттарының халық алдындағы есеп беру кездесулерін сапалы ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қорытындысында, күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, атқарылған жұмыстар сараланды. Депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Алдағы уақытта белгіленген міндеттерді сапалы іске асыру және тиімді жұмыс жүргізу басты назарда болатыны айтылды.

#AMANAT
16 сәуір 2026 ж. 8 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930