Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімі сайлауында партия кандидатын қолдауға шақырды

Ауыл әкімі сайлауында партия кандидатын қолдауға шақырды

Бүгін Бірлік ауылында 2026 жылдың 3 мамырына тағайындалған ауылдық округ әкімі сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары аясында тұрғындармен кездесу өтті.

Іс-шараға аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, партия филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, партия атынан ауыл әкіміне кандидат Бауыржан Аман және жергілікті сайлаушылар қатысты.

Кездесу барысында партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш алдағы саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, сайлау күні белсенділік танытып, партия ұсынған кандидатқа дауыс беруге шақырды.

– «AMANAT» партиясы – ел дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан, халық сеніміне ие жетекші саяси ұйым. Бұған дейін ауданымызда өткен әр деңгейдегі әкімдер сайлауында партиямыз белсенді қатысып, ұсынылған кандидаттарымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл – партия бағытының дұрыстығын әрі халық қолдауының нақты дәлелі, – деді ол.

Сондай-ақ Талайлы Әмитжанұлы ауыл тұрғындарын сайлауға бейжай қарамай толық қатысып, партия кандидатын қолдауға үндеді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары да өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Алдағы сайлауда кандидатқа сәттілік тілеп, ардагерлер баталарын берді.

#AMANAT
16 сәуір 2026 ж. 106 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930