Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық партия филиалының конференциясы өтті

Аудандық партия филиалының конференциясы өтті

Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс XLV (45-ші) конференциясы өтті. Конференция жұмысына аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.

Іс-шараға арнайы партия филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросы мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының мүшелері және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты. Конференция жұмысында 2023 жылдың 10 желтоқсанында өтетін Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және Майлыбас ауылдық округі әкімдерінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидаттарды бекіту мәселесі қаралды.

Конференция жұмысында партия атынан
1. Қазалы қаласы әкімінің сайлауына кандидат ОРЫНБАСАРОВ Қайрақбай Жақсыбайұлының
2. Әйтеке би кенті әкімінің сайлауына кандидат ӘБСҰЛТАНОВ Мұрат Байғабылұлының
3. Майлыбас ауылдық округі әкіміне кандидат ӘБІЛХАН Алмат Аманқосұлының кандидатуралары делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесімен қолдау тауып, бекітілді.
Маңызды шарада аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюро мүшелері, партия ардагерлері Самұрат Имандосов пен Талайлы Бөріқұлақов сөз сөйлеп, алдағы сайлау науқанында жауапкершілік жүгі мол екенін айтып, сәттілік тіледі.
#AMANAT

14 қараша 2023 ж. 361 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 150

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 143

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031