Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия атынан екі ауылдық округ әкімінің сайлауына үміткерлер ұсынылды

Партия атынан екі ауылдық округ әкімінің сайлауына үміткерлер ұсынылды

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс XLVІII (48) конференциясы өтті. Конференция жұмысына аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.
Іс-шараға арнайы партия филиалының Саяси кеңес Бюросы мен Саяси кеңес мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелерінен жалпы 27 делегат қатысты. 18-ден аса делегат ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды.

Конференция жұмысында 2024 жылдың 11 тамызында өтетін Майдакөл және Сарыбұлақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидаттарды бекіту мәселесі қаралды. Делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесіне сәйкес,

Майдакөл ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Құрманбаев Қонысбек Ктабияұлының,

Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидат Жаңабай Руслан Алпысұлының кандидатурасы делегаттардың ашық дауыс беру нәтижесімен қолдау тауып, бекітілді.

Сондай-ақ жиында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXХIV конференциясына ауданнан қатысатын делегаттар тізімі бекітілді.

Маңызды шарада аудандық партия филиалы Саяси кеңес Бюросының мүшелері Самұрат Имандосов пен Ибайдулла Тілеп сөз сөйлеп, алдағы сайлау науқанында жауапкершілік жүгі мол екенін айтып, партия үмтікерлеіне сәттілік тіледі.

#AMANAT
16 шілде 2024 ж. 290 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930