Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс LIV (54) конференциясы өтті

«AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс LIV (54) конференциясы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясының Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс LIV (54) конференциясы өтті. Оған аудандық филиалдың Саяси кеңесі мен Бюро мүшелері, партия ардагерлері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері қамтылған 85 делегат қатысты.
Конференцияның күн тәртібінде өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2026 жылғы 3 мамырға жоспарланған Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауына «AMANAT» партиясы атынан кандидат ұсыну мәселесі қаралды.
Аудандық филиалдың Саяси кеңесі Бюросының шешіміне сәйкес партия мүшесі Аман Бауыржан Толықболұлының кандидатурасы конференция қарауына ұсынылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша делегаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдады. Осыған орай, кандидатураны «AMANAT» партиясы атынан аудандық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсыну туралы шешім қабылданды.
Өз сөзінде аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш партия тарапынан үміткерге үлкен сенім артылып отырғанын атап өтіп, оның білімі мен тәжірибесі сайлаушылар тарапынан қолдау табатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Саяси кеңес Бюросының мүшелері – аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов пен аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабеков үміткерге алдағы саяси науқанда сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, конференциядан кейін Жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдум қорытындысы аясында дауыс беру учаскелерінде партия атынан байқаушы болған белсенді партия мүшелері мен БАҚ өкілдеріне облыстық партия филиалы мен облыстық білім басқармасының Алғыс хаттары табысталды.
#AMANAT
03 сәуір 2026 ж. 131 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930