Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер ұсынылды

Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер ұсынылды


«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросы мен кезектен тыс L (50) конференциясының бірлескен отырысы өтті. Жиынға аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.

Іс-шараға арнайы Саяси кеңесі Бюросы мен Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелері қатысты. Жалпы 27 бастауыш партия ұйымынан сайланған 34 делегат қатысты.

Ең алдымен Саяси кеңес Бюросының отырысы өтіп, онда 2025 жылдың 29 маусымы күні өтетін Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидат келісілді. Сондай-ақ партияның аудандық филиалының кезектен тыс L (50) конференциясының күн тәртібі бекітілді.

Мұнан соң конференция жұмысы жалғасып,отырыста бір мәселе қаралды. Делегаттардың ашық дауыс беруінің қорытындысымен 29 маусым күні өтетін ауыл әкімнің сайлауына партия атынан ұсынылатын үміткер бекітілді.

Нәтижесінде:
* Арықбалық ауылдық округі әкімінің сайлауына үміткер Сералиев Нұркен Жарболұлының кандидатурасы Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясына тіркеу үшін ұсынылды.

Маңызды басқосуда аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері Талайлы Бөріқұлақов пен Ибайдулла Тілеп сөз алып, алдағы сайлау науқаны үлкен дайындық пен жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Партия ұсынған үміткерге сәттілік тіледі.
03 маусым 2025 ж. 247 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 125

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031