Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік нысандарға зерделеу жүргізілді

Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік нысандарға зерделеу жүргізілді

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Алмасбек Есмаханов пен ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Әйтеке би кентінде соңғы жылдары пайдалануға берілген бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйін бақылады.
Атап айтқанда, 250 орындық аудандық емхана ғимараты, Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйі және Руханият орталығының ғимараттары тексеріліп, нысандардың құрылыс сапасы, инженерлік желілерінің жұмысы, ішкі және сыртқы жағдайы жан-жақты зерделенді.
Аралау барысында әлеуметтік нысандардың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне қолайлы жағдай жасалуы, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және ғимараттардың тиімді пайдаланылуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, анықталған кемшіліктер бойынша кепілдік мерзіміне сәйкес мердігер мекемелерге ақауларды қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру жөнінде ескертулер жасап, жауапты мекеме басшыларына нысандарды тұрақты бақылауда ұстап, күтіп-ұстау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруға байланысты тапсырмалар берілді.
Жалпы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының сапалы жұмыс істеуі – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды бағыты. Әлеуметтік нысандардың жағдайын бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
06 ақпан 2026 ж. 67 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728