Әлеуметтік нысандардың жағдайы тексерілді
Соңғы жылдары Қазалы ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алып келеді. Атап айтқанда, 2022 жылдан бері ауданда 2 мектеп, 1 балабақша, 3 спорт кешені, 250 орындық аудандық емхана мен 3 дәрігерлік амбулатория, аудандық мәдениет орталығы мен 2 ауылдық клуб, 2 пәтерлі 140 тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілсе, бүгінде тағы да 2 спорт кешендерінің құрылысы жүруде. Өңірімізде пайдалануға берілген нысандардың сапасы мен жағдайы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей бақылауында.Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Кәукей және Абай ауылдары мен Қазалы қаласына барып, қаладағы «Өрімтал» балабақшасының, Кәукей ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен 100 орындық ауылдық клубтың, сондай-ақ Абай ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимараттарының жағдайына зерделеу жүргізді.
Аудан басшысы әлеуметтік нысандарда анықталған кемшіліктерді жауапты мекеме басшылары мен мердігер мекемелерге қатаң ескертіп, барлық ақауларды қысқа мерзім ішінде шұғыл қайта қалпына келтіру керектігін айтты.
Мемлекет қаржысына салынып, тұрғындар игілігі үшін берілген әрбір нысанның жағдайы, ондағы барлық талаптардың сақталуы, мекемелердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мәселесі әрдайым назарда болуы керектігін жеткізді.














