Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов жұмыс сапарымен Қазалы ауданына келіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 300 орындық мектеп пен «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарын көрді.

Бақыт Дүйсенұлы алдымен аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен бірге Жанқожа батыр ауылына барып, мектеп құрылысын көрді. Бүгінгі таңда ұлттық жоба аясында салынып жатқан білім ордасының құрылыс жұмыстары толықтай аяқталуға жақын. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары мен қажетті жабдықтарын орнату, сонымен қатар сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айында басталған мектеп құрылысы наурыз мерекесі қарсаңында ауыл халқының игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталмыш нысанның жауапты мердігері - «Асар» ЖШС.
Мұнан соң аудан орталығындағы «Руханият» орталығына келіп, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Қазіргі таңда ғимараттың ішкі инженерлік желілерін орнату мен сылақ жұмыстары толықтай бітіп, ғимараттың сыртын қаптау жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары екі бірдей құрылыс нысанының да ең әуелі сапасына аса мән беріп, құрылыс жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

16 наурыз 2025 ж. 318 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 35

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 32

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 33

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031