Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыға облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен келді

Қазалыға облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен келді

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Қайрат Ырзақұлұлы ең әуелі жуырда ғана ауданның 95 жылдық мерейтойы аясында пайдалануға берілген «Отбасын қолдау орталығынан» аялдады. Ал мұнда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жаңа ғимараттың бүгінгі таңдағы халыққа көрсетіп жатқан қызметі жайында баяндады.
Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Әйтеке би кентіндегі 250 орындық мектеп пен 600 орындық мәдениет үйінің жай-күйімен танысты. Бүгінгі күні аталмыш екі нысанның құрылысы белгілі себептерге байланысты кешеуілдеп келеді. Дегенмен екі ғимараттың да құрылыс жұмыстары аяқталып, желтоқсан айының соңына дейін халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Облыс әкімі орынбасарының ауданға жасаған сапары барысында Әйтеке би кентіндегі жақында ғана халықтың әлеуметтік осал топтары үшін пайдалануға берілген 50 пәтерлі 25 үйге де барды. Сонымен қатар Абай ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен ауылдағы жаңадан абаттандырылған саябақпен де танысты. Мұнда аудан басшысы Абай ауылына жүргізіліп жатқан орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарына тоқталып, негізгі мәліметтеріне тоқталып өтті.
Аудандағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысқан Қайрат Ырзақұлұлы мұнан кейін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активі мүшелерімен кездесу өткізді.
Жиында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөз алып, жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сол секілді аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков 2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады. Мұнан соң Қайрат Нұртай сөз алып, халықтың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстардың барлығы аудан үшін де аймағымыз үшінде ортақ абырой екенін айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында Мұхтар Әуесұлы ауданға арнайы іс-сапармен келген облыс әкімінің орынбасарына аудан халқының атынан ризашылығын жеткізді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
01 желтоқсан 2023 ж. 243 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031