Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси кеңесі Бюросы мен фракция отырысы өтті

Саяси кеңесі Бюросы мен фракция отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросы мен аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті. Жиынға партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.
Бюро отырысының күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс LIV (54) конференциясын шақыру туралы шешім қабылданып, оның күн тәртібі бекітілді.
Күн тәртібінде келесі мәселе «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен Бірлік ауылдық округінің әкіміне кандидат ұсыну туралы болды. Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін ауылдық округ әкімінің сайлауына ұсынылатын үміткерлердің кандидатуралары Бюро мүшелерінің дауыс беруі арқылы қаралып, партия мүшесі Аман Бауыржан Толықболұлының кандидатурасы конференцияға ұсынылды.
Сонымен қатар, бірлескен отырыс барысында аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының құрамын толықтыру мәселесі қаралды. Осыған байланысты аудандық мәслихат депутаты, партия мүшесі Эльмира Нұрмағанбетованың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.
Жиын барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша Бюро және фракция мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
#AMANAT
03 сәуір 2026 ж. 197 0

Қазақтың келіндері

25 тамыз 2026 ж. 100

Алданазар бидің шешімі

25 тамыз 2026 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31