Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы шыны зауытының құрылыс алаңына барып, іске қосылатын барлық 4 нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы шыны зауытының құрылыс алаңына барып, іске қосылатын барлық 4 нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 17 мердігер компаниядан 240-қа жуық адам жұмыс істеп жатыр. Бюджеттік қаражат есебінен шыны зауытына қажетті барлық инфрақұрылым жеткізіледі. Бүгінгі таңда газ құбырының екі тармағы, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электр желілері, жолдар мен байланыс желілері тартылды. Ағымдағы жылдың қараша айына дейін темір жолдың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұған дейінгі серіктестігі өзгерген зауытқа «Чайна Триумф» компаниясы күн батареялары, смартфондар мен планшеттер ( қуаттылығы күніне 250 тонна ультра жұқа шыны өндіретін зауыт ) үшін пайдаланылатын өте жұқа әрі ультра мөлдір шыны өндіру үшін инвестор ретінде қосылды. Жаңа жобаның құны шамамен 150 миллион АҚШ долларын құрайды.
egemen.kz
20 қыркүйек 2018 ж. 2 381 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 146

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 130

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30