Әйтеке би кентінде тазалық жұмыстары жүргізілді
Елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әйтеке би кентінде кең көлемді көктемгі тазалық жұмыстары жүргізілуде.Атап айтқанда, кенттің шет аймақтары, Қазақ қорымы, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолы бойы, «Синойл» және «ТS» жанар-жағармай құю бекеттері маңы, сондай-ақ Водокачка елді мекеніне баратын жол сынды шеткі аумақтар тазартылып, ретке келтірілуде.
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, ұжымдар және тұрғындар белсенді түрде атсалысып, туған жердің тазалығы үшін бір кісідей жұмылуда.
Тазалық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары Қазалы қаласы мен барлық елді мекендерде де қарқынды түрде жалғасуда.
Тазалық – тек бір күндік шара емес, ол – әрбір азаматтың күнделікті мәдениеті мен жауапкершілігі.
Туған жерімізді таза ұстайық!














