Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Аудан орталығы мен барлық елді мекендерде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудандағы барлық мекеме-ұжым қызметкерлері мен аудан тұрғындары атсалысты.

Сенбілік барысында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумаққа көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалады. Сондай-ақ аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі тазалық жұмыстары бойынша арнайы бекітілген 7 аймақ бойынша санитарлық-тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Сенбілік аясында орталық көшелер мен қоғамдық орындардағы бордюр жиектерін құмнан тазалау, әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ретсіз өскен шөптер күл-қоқыстар арнайы техниканың көмегімен кент аумағынан сыртқа шығарылды.

Қазіргі таңда аудан орталығының шеткі көшелері мен сырт аймақтарына тазалық жұмыстары ұдайы жүргізілгендігіне қарамастан, белігеленбеген жерлерге қоқыс тастау фактілері тиылмай тұр.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбір азаматтың басты міндеті екенін естен шығармайық!

27 сәуір 2025 ж. 414 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 121

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031