Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда "Таза Қазақстан" акциясы аясында саябақ ашылды

Қазалыда "Таза Қазақстан" акциясы аясында саябақ ашылды

Қазалы ауданындағы Жанкент ауылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы аясында «Жиеней баба» атындағы саябақ ашылды.
Саябақтың ашылу рәсіміне аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, аймақты көркейту-көгалдандыру бағытындағы игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысын жеткізді.
- Саябақ ауылға көрік беріп, тұрғындардың демалысын, бос уақытын тиімді өткізуге таптырмас орын болатыны анық. Енді бұл саябақтың тазалығын сақтап, көркейтіп көгалдандыру, абаттандыру жұмысын қолға алуымыз керек. Жаңа демалыс орнының ашылуы Президентіміздің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жемісі. Туған өңірін көркейтуге атсалысып, игі шараның басы-қасында жүрген азаматтардың барлығына алғыс айтамын», – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Жанкент ауылының кіреберіс аумағынан ашылып жатқан жаңа саябаққа жарықшамдар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, келушілерге арналған көлеңкелі орындар орналастырылған. Аудан әкімі зиялы қауым өкілдері мен саябақтың ашылуына жиналған жұртшылықпен бірге саябаққа ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыру шараларына өз үлестерін қосты.
12 қазан 2025 ж. 161 0

Көңіл толқытқан трагедия

24 қаңтар 2026 ж. 135

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 152

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 192

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031