Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазалы ауданында Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, қазалылықтар туған жердің тазалығына белсене атсалысты.
Тазалық жұмыстары алдымен ауданның барлық аумағында көркейту-көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызу шараларымен басталды. Қазалы Абаттандыру Мекемесі мен бірқатар мекеме, ұжымдар Әйтеке би кентінің кіреберіс аумағына екі мың түп ағаш көшеттерін отырғызды.
Сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, 7 аймақ бойынша жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына қатысты жауапты азаматтарға бірқатар тапсырмалар берді.
Экологиялық акция аясында өткен тазалық жұмыстары барысында барлық елді мекендер бойынша 22,4 шақырым аяқ су арықтары тазартылды. Сондай-ақ игі іске 2035 адам мен 13 техника жұмылдырылып 29,4 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
#ТазаҚазақстан
21 сәуір 2025 ж. 205 0

Жеті қырлы, бір сырлы

05 тамыз 2025 ж. 179

Экономикада серпін бар

05 тамыз 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031