Орталық көшелердегі тәртіп – басты назарда
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов бастаған жұмысшы топ аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес Әйтеке би кентіндегі орталық көшелерді аралады. Негізгі мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, көлік қатынасын жүйелеу және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру.Сонымен қатар, орталық көшелерде жүк көліктерінің жүруін шектеу мәселесі де көтерілді. Бұл бағытта тиісті бақылауды күшейтіп, ауыр көліктердің қозғалысын реттеу арқылы жолдардың тозуын азайту және кептелістердің алдын алу көзделуде.
Жұмысшы топ базар аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың алдындағы автотұрақтарды ретке келтіру мәселесін назардан тыс қалдырмады. Көлік қою тәртібін жүйелеу арқылы жол қозғалысын жеңілдету және тұрғындар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдай жасау басты назарға алынды.

Жалпы, жүргізілген аралау нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы аудандық полиция бөлімі мен тиісті сала басшыларына жол кептелістерін азайту, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар нақты тапсырмалар берді.














