Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вокзал аумағындағы нысандардың сыртқы келбеті талапқа сай болуы тиіс

Вокзал аумағындағы нысандардың сыртқы келбеті талапқа сай болуы тиіс

Бүгінде ауданның бас қақпасы саналатын Әйтеке би кентіндегі теміржол вокзалы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тарихи ғимарат жаңаша кейіпке енуде. Соған сәйкес, вокзал жанындағы перон бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардыңда сыртқы келбеті жаңғыртылып, барлық талаптарға сай болуы тиіс.
Осыған орай аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың аудан әкімнің орынбасары Мұрат Әбсұлтановқа жұмысшы топпен бірге теміржол вокзалының аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралап, ретке келтіруді тапсырған болатын.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабылұлы бастаған жұмысшы топ вокзал аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың иелерімен кездесіп, ғимараттардың сыртқы келбетін қалыпқа келтіру, нысан аумақтарының тазалық мәселелеріне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ теміржол вокзалының аумағына, сырт келбетіне, ондағы жолаушылар мен тұрғындарға жасалған жағдайға қарап өңір имиджі қалыптасатынын жеткізіп, кәсіп иелеріне туған жердің ортақ абыройы үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Аудан әкімінің орынбасары осы мақсатта құрылған жұмысшы топқа кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін қалыпқа келтіру және басқа да белгіленген жұмыстарды үнемі бақылауда ұстау керектігін тапсырды.
Мұрат Әбсұлтанов кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында вокзал жанындағы тарихи ғимарат су қыспақты мұнараға жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарында көрді.
04 қараша 2025 ж. 195 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930