Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БАЗАРЛАР МЕН САУДА ОРЫНДАРЫ ТАЛАПҚА САЙ БОЛУЫ ТИІС

БАЗАРЛАР МЕН САУДА ОРЫНДАРЫ ТАЛАПҚА САЙ БОЛУЫ ТИІС

Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет тиісті сала басшыларымен бірге Әйтеке би кентіндегі орталық базарлар мен сауда орындарын аралап, азық-түлік бағасын бақылады.
Аудан басшысы базар басшыларына сауда орындарының санитарлық тазалығы, іші сыртының абаттандырылуы, барлық талаптарға сай болып, сатушылар мен келушілерге жағдай жасалуы тиіс екендігін ескертті. Сонымен қатар алдағы уақытта орталық базарларда бей-берекетсіз орналасқан жайма базарларды дұрыс жерге орналастырып, ескірген ғимараттарды шұғыл заманауи, жаңа қалыпқа келтіру жөнінде тапсырма берді. Осыған сәйкес ескірген базар ғимараттарын жаңарту бойынша кент әкімімен жауапты сала басшыларына кәсіпкерлермен бірлесе отырып жұмыс жасауды тапсырды.
Аудан әкімі базарларды аралау барысында бұл орындар халықтың ең көп шоғырланатын орны болғандықтан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысына өрт қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауды және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы басшысына сауда орындарының санитарлық тазалығына аса мән беру керектігін айтты.
Ал, аудандық полиция бөлімінің басшысына базар маңындағы орталық көшелердегі көлік қозғалсын реттеуді тапсырды.
26 қаңтар 2025 ж. 466 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031