Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кездесу өтті

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кездесу өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзікжанды партия мүшелеріне құрмет көрсетілді. Мерекелік басқосуға аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, Атқарушы хатшы Нұрғиса Жалғасбаев, сондай-ақ білім, мәдениет, денсаулық сақтау, теміржол мен басқа да салаларда еңбек етіп жүрген партия белсенділері және партия филиалының қызметкерлері қатысты.
Партия филиалының төрағасы құттықтау сөзінде жиналған қауымды көрікті көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, әйел-аналардың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды.
– Әйел-аналар – отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамның берекесі мен ұлт болашағының негізі. Қазақ қоғамының тарихында әйелдердің рөлі ерекше болған. Бүгінде де әйел-аналар заман талабына сай отбасы мен қоғам алдындағы жауапкершілікті қатар алып жүріп, ел дамуына зор үлес қосып келеді. Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, еліміздің еңсесі биік, мәртебесі асқақ болсын, – деді Ғазиз Әлмәмбетұлы.
Шара барысында әйелдер қауымына облыстық партия филиалының төрағасы Ж.Базартайдың және аудандық партия филиалының төрағасы Ғ.Әліштің мерекелік Алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталды. Қатысушылар көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.
Кездесу аудан өнерпаздарының әсем әндерімен жалғасып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттермен қорытындыланды.
#AMANAT
08 наурыз 2026 ж. 217 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930