Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі перзентханадағы жас аналарды құттықтады

Аудан әкімі перзентханадағы жас аналарды құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудандық көп бейінді орталық ауруханаға арнайы барып, перзентхана бөлімінің қызметкерлері мен жаңа босанған аналарды мерекемен құттықтады.
Мерекелік кездесуде аудан басшысы ақ халатты абзал жандардың еңбегіне алғыс айтып, аналық бақытқа бөленген нәзік жандыларға ізгі тілегін жеткізді. Қазіргі таңда перзентхана бөлімінде 6 ана бар. Соңғы тәулікте 1 сәби дүние есігін ашқан. Аудан әкімі жас аналарға гүл шоқтары мен арнайы сый-сияпат табыстап, отбастарына амандық, сәбилеріне жарқын болашақ тіледі.
Кездесу барысында аудан әкімі Президентіміздің, аймақ басшысының қолдауымен аудандағы денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.
«Ана мен баланың амандығы – қоғамның басты байлығы. Сондықтан ауданымызда медицина саласын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Биыл аудандық көп бейінді орталық аурухана жанынан кардиология және инсульт орталығы ашылды. Жуырда ауруханада заманауи КТ аппараты іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Алдағы уақытта орталыққа МРТ аппараты жеткізілмек. Сонымен қатар, биыл ауданымызда алғаш рет күрделі жүрек операциялары жасалып, медицина саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілуде. Мұның барлығы тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстардың нәтижесі», – деді аудан әкімі.
Аудан басшысы перзентхана қызметкерлері мен жас аналарды құттықтаудан кейін елімізде 15 наурызда өтетін Жаңа Ата заң жобасын қабылдауға қатысты өтетін республикалық референдумның маңызы, жаңа Заң жобасында көрсетілген ана мен бала құқығы мәселелері жайында түсіндіріп, ел ертеңі үшін саяси маңызы жоғары елдік іске белсенді атсалысуға шақырды.
Айта кетейік, аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде өткен жылы 1233 сәби дүниеге келсе, биыл жыл басынан бері 164 нәресте өмірге келген.
08 наурыз 2026 ж. 31 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 177

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 157

Талантымен топ жарғандар

07 наурыз 2026 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031