Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі аппаратының нәзік жандыларына құрмет көрсетілді

Аудан әкімі аппаратының нәзік жандыларына құрмет көрсетілді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданы әкімі аппаратында еңбек етіп зейнетке шыққан ардагер аналар мен бүгінде ауданның дамуы жолында қызмет етіп жүрген нәзік жандылармен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы ардагер аналар мен қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, қазіргі таңда әйелдер қауымының мемлекеттік қызметтегі үлесі артып келе жатқанын жеткізді. Оның ішінде ауданда нәзік жандылардың 23 пайызы ер азаматтармен бірге мемлекеттік қызметтегі жүкті көтерісіп жүргенін тілге тиек етті.

Шара барысында аудан әкімдігінде қызмет етіп, зейнетке шыққан ардагерлерге арнайы құрмет көрсетілсе, қазіргі таңда жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар әйел қызметкерлер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Аруларға аудан әкімі аппаратындағы ер азаматтар мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын тарту етсе, аудан өнерпаздары әннен шашу шашып көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

08 наурыз 2026 ж. 217 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930