Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалықшы нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

Тазалықшы нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Әйтеке би кентіндегі тазалық жұмыстарымен айналысатын нәзік жандыларға құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады.
Кездесуде аудан басшысы күнделікті ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген тазалықшылардың еңбегіне алғыс білдіріп, гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар табыстады.
Кездесу барысында тазалықшылардың еңбегі қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті.
– Құрметті аналар, ардақты апа-қарындастар! Сіздерді шуақты көктемнің ең көркем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің күн сайын таңмен таласа тұрып, аудан тазалығын сақтауда атқарып жүрген еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күндіз-түні тыным таппай еңбек етіп, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосып келесіздер. Сіздер халыққа жайлы орта қалыптастырып, тазалықтың сақталуына аянбай қызмет етудесіздер. Бұл – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін жұмыс. Осындай адал еңбектеріңіз үшін барша аудан тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мерекелік жүздесу барысында тазалықшы әйелдер аудан басшысының ықыласына ризашылықтарын білдіріп, көрсетілген құрмет үшін алғыстарын жеткізді.
Осындай құрметке бөленген нәзік жандылар өз еңбектерінің еленіп жатқанын ерекше ықыласпен қабылдап, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
06 наурыз 2026 ж. 157 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930