Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талантымен топ жарғандар

Талантымен топ жарғандар

Қорқыт Ата атындағы өнер мектебіне қарасты «Жасмин» және «Еркеназ» би топтары көпке таныс.
Өнер мектебінде алғашқы би тобы 2013 жылы құрылып, сол уақыттан бері жас таланттарға сахна мәдениетін меңгертіп келеді. «Жасмин» тобында 6-8 жас аралығындағы бүлдіршіндер би өнеріне баулыса, «Еркеназ» ересек бишілер тобы – 9-16 жас аралығындағы жасөспірімдерден қамтылған.
Балғын бишілер нәзіктік пен шынайылықты паш ететін өнер әліппесінен жас ерекшеліктіне сай қимыл-қозғалыс техникасын меңгерсе, еркеназдықтар шеберлігі және сахнадағы сенімді қимылымен күрделі қойылымдарға икемделеді.
Топ жетекшісі, жоғары білімді, 14 жылдық тәжірибесі бар хореограф Ақмарал Жауынбаева. Ол шәкірттерін биік белестерге жетелеп, хореография саласында көптеген жетістіктерге жетелеп келеді.
Ұжымдар репертуарында 30-40 би түрі бар. Мұнда негізгі бағыт – ұлттық биге беріледі екен. Қазақ биінің көркем қимылдары мен нәзік композициялары – ұжымның басты ерекшелігі. Сонымен қатар көпшілік сұранысына ие джаз және степ бағыттарында да қыздар сүйсіндіріп жүр.
Би топтары аудандық, облыстық және республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болған. Атап айтар болсақ, «Бозторғай», «Ақшағала», «Жеті өнер», «Жарық жұлдыз», «Данс батл» сынды айтулы өнер жарыстары. Халықаралық сахнада да өнер көрсетіп, Ташкент пен Түркияға жолдама алған. Аудан көлеміндегі концерттер мен мәдени шараларда тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді.
«Би арқылы адам өз сезімін, көңіл күйін және ойларын қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді. Сондықтан бишілердің еңбегі үлкен дайындықты, шыдамдылықты және шығармашылықты талап етеді. Жақсы биші болу үшін адам үнемі жаттығып, денесін икемді әрі шымыр ұстауы керек. Сонымен қатар музыка ырғағын сезіну, сахнада өзін еркін ұстау да өте маңызды. Балалардың денсаулығы, сыртқы бейнесіне де оң әсер етеді», – дейді шәкірттерінің болашағына зор сеніммен қарайтын жетекші.
Ақмарал Советқызының балауса бишілері қазір кезекті шара мен жақында болатын үлкен жарысқа жаңа номер дайындау үстінде. Өнерге деген қызығушылықтары жоғары топтардың болашақта бағындырар биігі көп.
Мирамкүл ШАМШАЕВА
07 наурыз 2026 ж. 23 0

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031