Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлағатты ұстаз, өнегелі әке

Ұлағатты ұстаз, өнегелі әке

Көркем еңбек пәні мұғалімі Қуаныш Зейнулла шығармашылық әлеуеті жоғары, ізденімпаз ұстаз. Оқушылардың қолөнерге, бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттырып, ұсақ моторика мен эстетикалық талғамдарын дамытуда заманауи әдістерді, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Ұжымда сыйлы, жауапкершілігі мол маман. Өз ісінің шебері, көркем еңбек және бейнелеу өнері пәндерін жоғары деңгейде жүргізеді. Сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Оқушыларды материалдармен (ағаш, мата, қағаз, тағы басқа да) жұмыс істеуге, көркемдеуге және қолөнер бұйымдарын жасауға баулиды. Сабақ барысында қауіпсіздік техникасы ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. Ұстаз жаңа педагогикалық технологияларды (АКТ, жобалау әдісі) белсенді қолданады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тақырыбында жүйелі жұмыс істейді.
Қуаныш Зейнуллаұлы осы жылдың 28 сәуірінде мерейлі 55 жасын тойламақ. Білімі – жоғары. Шымкент университетінде «Кәсіптік білім» мамандығы бойынша оқып, болашақ мамандығына нық қадам жасады. Жастайынан ілім мен өнерге ерекше құштар болып өскен ол мектеп қабырғасында-ақ еңбекке бейімділігімен, шығармашылық қабілетімен көзге түсті.
1989 жылы №421 мектепті аяқтап, үлкен өмірге жолдама алды. Азаматтық борышын абыроймен өтеуді парыз санаған Қуаныш Зейнуллаұлы ел тәуелсіздік алған жылдары әскер қатарында қызмет атқарады. Ол Отан алдындағы міндетін адал орындайды. Әскерден оралған соң, саналы түрде білім беру саласын таңдап, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуды мақсат етті.
Еңбек жолын 1992 жылы Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепте көркем еңбек пәнінің мұғалімі ретінде бастады. Бір жылдан кейін С.Сейфуллин атындағы №165 қазақ орта мектебіне орналасып, ұйымшыл ұжыммен бүгінгі күнге дейін табан аудармастан еңбек етіп келеді. Осы білім ордасында талай шәкірттің шығармашылық қабілетін дамытып, қолөнерге, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырды.
Ұстаздық үлкен жүрек пен шексіз жауапкершілікті талап ететін қасиетті жол. Еңбекқор мұғалім құрметке толы жолда табандылық танытып, әр сабағын тәрбиемен ұштастырып келеді. Оның шәкірттері аудандық, республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, еңбегінің жемісін дәлелдеуде.
Көп жылғы тәжірибесі мен кәсіби шеберлігінің арқасында әріптестері арасында сыйлы, оқушылары үшін үлгі боларлық педагог ретінде танылған. Ол тек пән үйретіп қана қоймай, еңбекке баулу, төзімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу бағытында да аянбай еңбек етеді. Өнер мен еңбекті ұштастыра білген ұстаздың ғибратты жолы жас мамандарға өнеге.
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында оқушыларды еңбекке баулу, жұмысшы мамандықтарға бағыттау ісіне ерекше көңіл бөліп келеді. 7-9 сыныптарда көркем еңбек пәні арқылы ұлттық қолданбалы бұйымдарды жасауды жүйелі түрде үйретіп, оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруда. Соның ішінде, домбыра жасау өнерін меңгертуге басымдық беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде. Жас ұрпақты ата дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелейтін маңызды қадам.
Отбасылық өмірінде де өнегелі жан. Адал жары Жадырамен шаңырақ көтеріп, берекелі отбасының негізін қалады. Бүгінде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген бақытты ата-ана. Қазіргі таңда ардақты әке ғана емес, немере сүйген қадірлі ата.
Қуаныш Зейнуллаұлының ғұмыры еңбек пен ізденіске, білім мен тәрбиеге арналған тағылымды жол. Оның саналы ғұмыры мен адал еңбегі жас ұрпаққа бағыт-бағдар, әріптестеріне үлгі боларлық өнеге.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
03 наурыз 2026 ж. 19 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 21

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 20

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 22

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031